«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетке бастар жол

Таңдай ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, мекемелер ұжымдары, жастар мен еріктілер және ауыл тұрғындары белсене атсалысты.

Қатысушылар ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды тазалап, қоқыстарды жинап, көрнекі билбордтар орнатып, тұғырларды жаңартты. Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – ауыл тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты өмір салтына айналдыру болып табылады.

Ауыл әкімі аппараты барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдіріп, тазалық әр адамнан басталатынын атап өтті.

Г.СӘДУАҚАСОВА,

Махамбет ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT