Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке 5 қазан – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – ұлттың рухани тірегі, ел болашағын қалыптастыратын аса жауапты әрі қадірлі мамандық. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында еліміздің әрбір ба­ласы білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін сеуіп, өз арманына қарай қадам ба­сады. Бүгінде қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - саналы, білімді, ұлттық болмысы берік жаңа бу­ынды тәрбиелеу. Осы бір ұлы жолдағы адалдық пен жанкешті еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.

Ардақты ардагер ұстаздар! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Егемен еліміздің әр салада жеткен жетістіктерінің бастауында өздеріңіз тәрбиелеген мыңдаған шәкірт тұр. Сіздерге алғысымыз шексіз.

Қадірлі ұстаздар! Білім мен ғылымға негізделген бүгінгі заманда Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, үздіксіз ізденіс пен жаңашыл бағыттарға бейімділіктеріңіз аса маңызды. Мемлекетіміз ұстаз мәртебесін көтеруге ерекше мән беріп, білім саласын жаңғырту жолында нақты істер атқаруда.

Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық та­быс, отбасы амандығын және шәкірттеріңіздің құрметі мен жетістіктеріне толы жемісті еңбек тілеймін. Әрдайым шәкірт жүрегінен орын алып, ұлт ұлағатын дәріптей беріңіздер! Мереке құтты болсын!

Венера ҚАБЫШЕВА,

аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT