Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы «әлеуметтік жеңілдіктерді орынсыз көбейту – қаржыны желге шашумен тең» деген сөзі елдің даму бағытын айқындап, нақты ұстанымды көрсетті. Шынында да, мемлекеттің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттырып, сапалы білім мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, жол және инфрақұрылым салаларын дамыту.
Бүгінде әрбір жұмсалған қаржының ел болашағына қызмет етуі – басты талап. Мектеп, аурухана, жол және инженерлік желілердің салынуы – елді мекендердің өркендеуіне, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына жол ашады.
Махамбет ауданы да осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту, ауылдық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындар игілігіне бағытталған жобаларды іске асыру – ауданның басым бағыттарының бірі.
Сондықтан Президенттің бұл ұстанымы – қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдалану арқылы ел дамуы мен қоғам игілігін қамтамасыз етудің нақты жолы.
Ж.Жоламанова,
Махамбет ауданы,
Зейнеткер