Тартысты өткен турнир

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауыларалық «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кіші аяқ доптан 2015- 2016 жылы туған ұлдар арасында аудандық турнир өтті. Оған 9 ауылдық округтен командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

«Спорт - нашақорлыққа қарсы!» ұранымен басталған жарыс қорытындысына сәйкес І орынды «Махамбет» командасы, ІІ орынды «Жалғансай», ІІІ орынды «Таңдай» командасы жеңіп алды. Ойынның «Үздік қақпашысы» - Жоламан Ғибрат, «Үздік ойыншысы» - Қайрат Абдурахим, «Үздік қорғаушысы» - Амантай Аңсар, «Үздік шабуылшысы» - Бауыржанұлы Нұрғиса атанды. «Үздік сұрмерген» атағы Самат Ислам есімді ойыншыға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған мара­паттар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT