Күні кеше Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарық көрді.
Қашанда өзінің көрегенділігімен ерекшеленген Елбасы тағы да халқымызды сабырлыққа, бірлікке шақырды. Шынында да Бауыржан Момышұлының «Тəртіпке бас иген ел - құл болмайды, тəртіпсіз - ел болмайды» деген қанатты сөзі осы уақытқа арналған секілді. Өйткені, пандемияны қытай елі темірдей тəртіптің арқасында аз ғана шығынмен жеңгені дәйек.
Қазіргі болып жатырған әлемдік экономикалық күйзелістерге қарамастан, Қазақстан қауіпті індеттің алдын алуға алғашқылардың бірі болып кірісті. Коронавирус пандемиясының алдын алу мен экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған тиісті шаралары жасалды. Бүгінгі күннің қатерлері мемлекеттік органдардан жаңа форматта жұмыс жасай білуді талап етуде. Карантин мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық саласы мен ұйымдастыру жұмыстарына ғана емес, сонымен қатар, білім және ғылым, медицина салалары мен азық - түлік, ақпараттық қауіпсіздікке де сынақ болғаны рас.
Еліміздегі орын алған төтенше жағдайларға байланысты, біріксек алынбайтын қамалдың жоқ екенін тарихынан білетін қазақ, "BIZBIRGEMIZ" атты республикалық акциясын махамбеттіктер ауызбіршілікпен, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жоғарғы қарқынмен жалғастыруда. Ол үшін ең алдымен партия филилалы жанынан «Biz birgemiz» республикалық акциясына орай Махамбет ауданы бойынша жұмысшы комиссиясының құрамы құрылып, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарттарымыздың тізімі жасақталды.
Күні бүгінге дейін аудан әкімдігінің, демеушілердің, дербес бөлімдердің, мемлекеттің мекемелердің қолдауымен азық-түлік және гигеналық заттар 161 отбасыға таратылды, әлі де таратылу үстінде. Барлық азық-түліктер ауданымыздағы ерікті жастардың көмегімен таратылып келеді. Осындай қиын-қыстау уақытта барша қол үшін берген жандарға партия атынан алғыс білдіремін.
Біз бір болсақ, жұдырықтай жұмыла білсек, барлық қиындықты еңсереміз. Ол үшін ел билігі белгілеген талап-межелерді сақтап, тәртіпке бас игеніміз абзал. Біз бос байбаламмен емес, шамамыз жетсе, осындай қиын шақта көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тиіспіз және өзіміздің, отбасымыз бен қоғам мүшелерінің өміріне жіті жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Ең бастысы, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың сын-ескертуіне құлақ асып, қиын шақта тонның ішкі бауындай болған берекелі бірлігімізді байқатып, ірілігімізді көрсетуге міндеттіміз.
Р.Әженов,
«Nur Otan» партиясы Махамбет ауданы
филиалы төрағасының бірінші орынбасары