Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай Т. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жанұя тыныштығын бұзып, үй ішінде інісін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысы арқылы жауапталған Т. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті. Сот кеңсесіне жәбірленуші ағасы Т-мен өзара татуласқанын, оған кешірім беретінін, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған өтініші түскен.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленушінің татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Аудандық соттың баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз