Махамбет аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінде ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінде кездесу өтіп,осы салада талай жыл адал еңбек еткен ардагерлер Б.Қартқожақов пен Е.Мұратовқа "Батыс өңірлік қолбасшылығының" грамотасы табысталды.
-Құрметті ардагерлер, Сіздерді Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қосқан үлестеріңіз үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жеке құрамы атынан және қолбасшысы полковник Н.Алдияровтың грамотасын табыстаймын. Сіздердің осы салада атқарған еңбектеріңізді ұмытпаймыз.Әрқашанда мақтан тұтып, сыйлаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Е.Айтжанов.
Одан әрі сөз алған ардагерлер Б.Қартқожаков пен Е.Мұратов ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Жайық-Ақпарат»