Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Қытай мемлекетінен тараған вирус өкінішке орай елімізге де еніп, экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр.
Денсаулығы үшін көптеген адамдар жұмысынан қол үзіп, үйде отыруға мәжбүр болуда. Өзім секілді кәсіпкерлерге де оңайға соқпай тұрғанын да жасыра алмаймын. Мәселен, қоғамдық тамақтану орындары жабылып, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілгендей таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі сағат 20.00 аралығында тапсырыс қабылдап, жеткізу қызметі көрсетілуде. Жеткізу қызметінің құны ауылдың ішіне қатынайтын такси бағасынының құнына тең. Жексенбі күні ғана демалыс болып белгіленгенін айта кеткеніміз жөн. Қызмет көрсету жүйесі өзгергендіктен, саудамыз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда төмендеп кеткені рас. Алайда, қазіргі елдегі төтенше жағдай кезінде баршаға берілген тәртіпке бағынудан басқа амалымыз жоқ. Сақтықта қорлық жоқ. Күн сайын тазалық жұмыстарына жіті мән беріп, талапқа сай қызмет көрсетудеміз.
Ғалымбек Сүлейменов, жеке кәсіпкер