314 адам еңбек демалысына шықты

2020 жылғы 30 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Атырау қаласында карантин және Атырау облысы аумағында шектеу шаралары енгізілуіне байланысты ауданымызға қарасты барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты.

Балабақшалар жұмысын тоқтатуына байланысты Махамбет аудандық білім бөлімінің мамандарына жолыққан едік. Ол жөнінде аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Г.Идрисова былай деп түсінік берді: «Ауданға қарасты 17 балабақша 30 наурыздан бастап өз жұмысын тоқтатты. Бөбекжайлардың 314 қызметкерлері(тәрбиеші, күтуші т.б) сәуірдің 1-нен бастап кезекті еңбек демалысына шықты. Бес бөбекжайдың мектепке дейінгі даярлық топтарының 10 тәрбиешісі және 17 есепшісі қашықтықтан жұмыс істеуде. 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап барлық мектептер қашықтықтан оқытуға көшуіне орай, тәрбиешілер ватсап әлеуметтік желісі арқылы ата-аналармен тығыз байланыста отыр. Сонымен қатар 196 адам балабақшадағы жұмыс орындарында қалды. Олардың дені қарауылдар, жылу жүйесінің операторлары, есепшілер, шаруашылық меңгерушілері. Бұлар кезектілікпен жұмыс жасап жатқанын айта кетейін. Қазіргі уақытта барлық балабақшаларда қауіпті дерттің алдын алып, дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс тоқтағанымен, балабақшалар талапқа сай қауіпті вирусқа қарсы сақтық шараларына жауапты сала мамандар тарапынан қадағаланып отырады. Балабақшадан босаған балалардың орны сақталып, олар үй тәрбиесінде болады» дейді әдіскер Г.Идрисова. 

 А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT