Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық ауылдық округтерде есеп беру жиналыстары өтіп келеді.
Тоқсан сайын халықпен кездесу ұйымдастыру бойынша Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев Бақсай ауылдық округінің жай-күйімен танысып, тұрғындардың тілегіне құлақ түрді.
Аудан әкімі алдымен Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп пен ауылдық дәрігерлік емхананың жұмысымен танысты. Пайдалануға берілгеніне біраз жыл болған қос нысан да күрделі жөндеуге немесе жаңа ғимаратқа көшуге сұранып-ақ тұр. Ұстаздар мен дәрігерлерден түскен ұсыныстарды назарға алған аудан басшысы алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Кейін Бақсай ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Өткен жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстармен бақсайлықтарды та ныстырып, алда тұрған міндеттерді де атап өтті. Халқының 98,1%-ы орталықтандырылған су желісі арқылы су тұтынатын ауданда 15 су та зарту қондырғысы жұмыс істейді. Су тазарта қондырғысы жоқ ауылдарға ауыз су автокөліктермен тасымалда нады.
– Есмахан, Көздіқара, Томан, Атамбаев, Бала Ораз, Кеңөріс елді мекендеріне аудан әкімдігі тарапынан жақын маңдағы ауылдық округ орталықтарының су тазарту қондырғыларынан су желілерін жүргізуге өткен жылы сұраныс берілді. Нәтижесінде Есмахан, Көздіқара, Бала Ораз, Атамбаевта су желісінің құрылысына ЖСҚ жасақтау үшін 20 000,0 мың теңге қаралып, келісім шартқа отырды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жасақталуда,- деді аудан әкімі.
Бақсай ауылдық округіндегі ескі ойын алаңына «Өңірлік дамыту» бағдарламасы арқылы 2 824000 теңгеге жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңдары жаңа ойын құралдарымен толықтырылды. Таңдай ауылының 5510 метр болатын жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік жол құрылысына жобалау сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. 2023 жылға қаражат бөлінсе жұмыстар басталады.
– Жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік автомобиль жолда рын күрделі жөндеу жұмыстары, көше жарығын қажет ететін көшелерге көше шамдарын орнату, балаларға ашық ойын алаңын салу, жазғы су құбырларының жөндеу жұмыстарын жалғастыру алда тұрған шешілуі тиіс мәселелер қатарында тұр. Жалғансай, Ақтоғай, Тандай, Талдыкөл және Есбол ауылдарында жасанды төсенішті ашық спорт алаңын салуға ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптама дан өткізілді. Биыл аталған құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 106 млн 52 мың теңге (жалпы құны – 205 млн.теңге) бөлінді. Жұмыстар биыл басталып, аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар Таңдай ауылына 150 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу бойынша ЖСҚ жасақталуда. Бұл жұмыстар наурыз-сәуір айларында аяқталуы тиіс. Аяқталса, құрылысына қаржы сұрайтын боламыз,- деді Қ.Нұрлыбаев.
Жиын барысында тұрғындар аудан әкіміне бірқатар ұсыныс айтты. Ауыл тұрғындары тарапы нан айтылған ұсыныстардын басым көпшілігі ауылішілік жолдарының жетіспеушілігі, каналды тазарту, кәріз суын төгетін алаңның қажеттілігі, жем-шөптің тапшылығы мәселесіне қатысты болды. Барлық айтылған мәселелерге қатысты жиын хатта масы жасақталып, орындалысын ау дан әкімідігі бақылауға алатын болды.
Қ.БАҒЫТ