Жол ережесін сақтайық!
ҚР Ішкі істер министрлігінің 1-тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралары кестесіне және Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.Сейдуалиевтің №30-30-9-92/525-И санды нұсқауына сәйкес, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын төмендету, Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Махамбет ауданы көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 20-24 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – ЖЖҚ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс жандандырылып, бұл ретте мас күйінде және жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың көлік құралын басқаруға, жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, көлік құралдарының қысқы уақыт кезінде маусымдық үлгідегі дөңгелектермен жүруі, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолаушыларды тасымалдау тәртібі, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және т.б. қағидаларына ерекше назар аударылып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Р.КАЙРЕКЕНОВ,
Махамбет АПБ ЖПҚб ППТ қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты