«Таңдай кубогі» мақаттық командада

Бақсай ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуына орай 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан «Таңдай кубогі – 2025» облыстық турнирі өтті. Жарысқа Атырау қаласы мен аудандардан сегіз команда қатысып, жас футболшылар өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен турнир қорытындысында Мақат ауданы командасы жеңіске жетсе, Таңдай ауылы командасы ІІ орынды иеленді. Ал ІІІ орынды Атырау қаласының БЖСМ №6 және Махамбет БЖСМ командалары бөлісті. Жарыс барысында Махамбет ауданының жас футбол¬шылары да үздік ойын өрнегін көрсетті. «Үздік қақпашы» номинациясына Али Әділбек (Махамбет БЖСМ) және «Үздік сұрмерген» аталымына Батырхан Мұхамбетжан (Таңдай ауылы) ие болды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом және сыйлықтарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT