«BAYANAS» - бірінші орын жүлдегері

Желтоқсан айының 19-21 күндері аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футболдан 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында «BAYANAS CUP 2025» облыстық ашық турнирі өтті.

Аталған турнирге Атырау қаласы, Махамбет, Мақат аудандарынан барлығы 8 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысымен жүлделі І орынды «BAYANAS» Махамбет ауданы командасы, ІІ орынды «Мақат» ауданы командасы, ІІІ орынды «Нефть Атырау» командасы және IV орынды «Бейбарыс» командасы иеленді. 

Сонымен қатар турнирде үздік номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды. Атап айтсақ Ибрахим Жасұлан – «Үздік қақпашы», Әділбек Сатыбалды – «Үздік ойыншы», Алихан Багитов – «Үздік қорғаушы», Ислам Саламат – «Үздік шабуылшы», Аңсар Амантай «Үздік сұрмерген» атанды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом, сыйлықтарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT