«Спорт – нашақорлыққа қарсы!»

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті.

Жарысқа Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, Ақтөбе және Атырау қалалары, сондай-ақ Индер мен Махамбет аудандарының команда¬лары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қорытындысында І орынды Ақтөбе қаласының «Ноғайты» командасы иеленсе, ІІ орын Махамбет ауданы командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Атырау қаласының «Ривер» командасы жеңіп алды. 

Турнир барысында Махамбет ауданының спортшылары үздік ойын өрнегімен көзге түсті. Атап айтқанда «Үздік байланыстырушы» номинациясында Іңкәр Ернұрқызы, «Үздік қорғаушы» аталымында Сымбат Тойланбай, ал «Үздік ойыншы» номинациясында Айша Қанат марапатталды. Сонымен қатар жарыстың «Үздік төрешісі» болып, Сұңғатов Азамат танылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом және сыйлықтарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT