Ел тарихында екінші мәрте өткізіліп отырған референдумға қатысып, әрбір учаскеге келуші сайлаушылар қатары сағат сайын артуда.
217 референдум учаскесінің сайлаушылары, ауылдың сыйлы қарттары Уап және Райхан Кабдыкаримовтер жанұясы дауыс беріп, маңызды күнмен құттықтауды да ұмытпады.
- Міне, көптен күткен бұл күнге де аман-есен жетіп отырмыз. Алдымен баршаңызды бүгінгі айрықша күнмен құттықтаймыз. Ел, халық игілігі үшін жасалып жатқан өзгерістерге қатысты өз таңдауымызды жасадық. Сайлаушылардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалып, саяси шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Қазақстанымыздың болашағы жарқын, ұрпағымыз саналы, білімді болсын, - деген ақ тілегін білдірді.