Таңдай ауылында Қаршыға Ахмедияровтың бюсті ашылды

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші-домбырашы, талантты композитор, «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың ескерткіш-бюсті туған жері Таңдайының төріне орнатылды.

Бюст авторы – Қазақстан Республикасынң Суретшілер Одағының мүшесі Нұрғалым Исабаев.

Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі Ринат Жанқылыш, Қаршыға Ахмедияроватың жұбайы Нұрбике, ұл-қыздары, төл шәкірттері, өзге де ағайын-туғандары мен мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Таңдай ауылының жұртшылығы үшін ғана емес, бүкіл Атырау өңірі мен еліміздің өнерсүйер халқы үшін ерекше күн. Қазақ күй өнерінің майталманы, қазақ халқының аяулы ұлына айналған жерлесіміздің рухы тағы бір мәрте ұлығыланды. «Күй-Ұран», «Алтын ұя» күйлерін З.Ещанова атынадағы аудандық өнер мектебінің домбырашылар ансамблі көкте шалқытты.

e60b3795-c707-4f6a-911e-0f9ca08c3c31

- Қазақ халқы қашанда тарихта өз қолтаңбасын қалдырған ардақты тұлғаларды дәріптеп, ұлығылауды мұрат санайды. Қазақтың күй өнерін күллі жұртқа паш етіп, күйшілік өнердің арғы-бергі тарихына терең зерттеу жүргізе білген, қазақтың қара домбырасының құдіреттілігін алыс-жақын шетелдерге таныта білген керемет күйші Қаршыға Ахмедияровтың есімі қандай жағдай болмасын ұлықтауға лайық деп білеміз. Облыс әкімінің қолдауымен күйшінің ескерткішіне конкурс жарияланып, аудандық бюджет арқылы қаражат бөлінді. Шалқар күйдің шандозы атанған күйші ағамыздың кеуде мүсіні оның есімінің мәңгілік екенін тағы бір мәрте айқындап отыр. Бұл тұрғыда бюст авторы Нұрғалым Исабаевқа және күйшінің мұраларын жинақтаушы, жұбайы Нұрбике апамызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Қазақтың Қаршығасы мәңгі жасасын!-деп тілегін білдірді аудан әкімі Р.Бауыржанұлы.

7045b9e6-f19e-4c13-ac32-3a8ef8961290

Бір кездері Қаршыға ағамызбен жолдас, сырлас болған, Атырау өңіріне кеңінен таныс өлкетанушы, қаламгер Мұрат Бектенов, дәулескер күйшінің жары Нұрбике Жұмағалиқызы да естеліктерімен бөлісті. Ескерткіштің ашылу жоралғысы Тыныштық Үмбеталиев, Дариға Ахмедиярқызы және Қаршыға ағамыздың ұлы Ерболат Ахмедияровқа жолданды. Ескерткіштің ашылуына арнайы келген Қ.Ахмедияров атындағы халықаралық күй байқауының қатысушылары Қаршығаның күйлерін төгілте жөнелді. Осылайша шалқар шабыт пен шандоз күйдің иесі, Таңдай топырағының аяулы перзенті, қазақ Қаршығасының есімі мәңгі сақталмақ.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521