Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылында Қаршыға Ахмедьяровтің бьюсті ашылады

«Ерекше композиция жұртшылық назарына қараша айында ұсынылады» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Дәулескер күйші Қаршыға Ахмедьяровтің туған жері Таңдайда халық әртісінің есімі аталған мектептің жанында бьюсті ашылады. ​ Ел Тәуелсіздігінің 30 және Қаршыға Ахмедьяровтің 75 жылдығына орай, Махамбет ауданында және қалада шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, күйшіге арналған жаңа кітаптың тұсауы кесіледі, - деді Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT