«Нұр Ару» би тобы бас жүлдемен оралды⠀ ⠀

Білім Рысқалиқызы жетекшілік ететін “Нұр-Ару” би тобы Халықаралық “Шалқыма” конкурсына қатысып, Махамбет ауданының абыройын Түркістанның төрінде асқақтатты.⠀⠀

Махамбет ауданынан Е. Ағелеуов атындағы мектептен 7 оқушы, О. Шонаев мектебінен 5 оқушы және Ортақшыл ауылындағы Қосарал орта мектебінен 13 оқушы және Есбол ауылынан 2 оқушы барып, өздерінің бақтарын сынап, бас жүлдені алып қайтты. ⠀

-Осы орайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық білім бөлімі, сондай-ақ мектеп басшыларына оқушыларды сабақтан босатып, реттегендері үшін алғысым шексіз. Қолдау көрсеткен биші қыздарымның ата-аналарына, бізге жанкүйерлік еткендердің баршасы ризашығымды білдіремін,- деді би тобының жетекшісі Б.Рысқалиқызы.⠀

⠀

Қ.БАҒЫТ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT