«Болашақ» оңалту орталығының мамандарына семинар ұйымдастырылды

Атырауда «ExxonMobil Kazakhstan Ink» компаниясының қолдауымен «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры «Болашақ» оңалту орталығының мамандарына семинар ұйымдастырды.

Апта бойы эмоционалды интеллект бойынша сертификатталған жаттықтырушылар Әсел Мұратова (Нұр-Сұлтан қаласы) және Гүлнар Шәкірова (Алматы қаласы) пациенттермен өзара қарым-қатынас құру, ұжымдық рухты күшейту бойынша мамандармен жұмыс жасады.

- Пандемия елімізге теріс әсер етті, соның ішінде "Болашақ" орталығының қызметкерлеріне де өте қиын болды. Карантинге байланысты оңалту орталығының қызметі біраз уақытқа тоқтап, қызметкерлер қаржылық қиындықтарға тап болды. Осындай проблемалар эмоционалды фон мен ұжымның көңіл-күйіне әсер еткені рас. Науқастарды емдеу үшін қызметкерлердің көңіл-күйі жақсы, жұмысқа деген ынтасы болуы қажет. Сондықтан эмоционалды интеллект, көшбасшылық және ұжым құру бойынша интерактивті курстар ұйымдастырылды, - деді «Болашақ» ҮЕҰ басшысы Жібек Бисенова.

Сонымен қатар, «Болашақ» оңалту орталығының мамандары семинардың ұйымдастырушыларына алғысын айтты. Науқасқа көмектесуге деген үлкен ықылас - дәрігердің эмоционалды интеллектінің ең жоғары көрінісі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика