Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Оқушылардың бәрі демалысқа шыққан. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейді.
Балалар ойын алаңдарына, батуттарға, су маңына, аттракциондарға, велосипедтерді, «гироскутерлерді», «сегвейлерді», балаларға арналған машиналарды және т.б. жалға беру пунктеріне барып ойнайды. Алайда, қызықты демалыс уақытында оқыс оқиғалардан балалардың денсаулығына зиян келуі немесе күтпеген жерден орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін.
Бұндай оқиғалардың орын алу себептерін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз.
Азаматтардың жаппай демалатын орындарына (су маңы, саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар және т.б.) оқыс оқиғалардың алдын-алу және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуын кешенді зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру мақсатында Махамбет ауданы полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдары бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Суда жүзу кезіндегі негізгі ережелер:
- Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
- Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды;
- Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Суға кету жайында жалған белгі бермеңіз;
-Жүзіп бара жатқан катер, қайықтарға жақын бармаңыз;
-Суға биік өткелден, қайық пен катерлерден секіруге болмайды;
-Өзіңізге таныс емес жерге жүзіп бармаңыз;
-Мас күйінде суда жүзбеңіз.
Сонымен қатар, ювеналды полиция тобының инспекторлары әр күн сайын кешкі жасаққа шығып, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы профилактикалық жұмыстарын жалғастырады.
Ж.Ділмағамбетова,
Махамбет ауданы полиция бөлімі жергілікті
полиция қызметінің
ювеналды полиция тобының
учаскелік полиция инспекторы
Сурет:дереккөз