Қазіргі таңда мерзімді басылымдардың алатын орны ерекше екені рас.
Ұжым болып, балама жазылумен екінші жартыжылдыққа бәріміз біркісідей «Жайық шұғыласы» газетіне жазылдық. Енді Сарытоғай мәдениет үйінде қызмет ететін алты қызметкер де «Жайық шұғыласы» газетін алатын болды. Өз басым сүйікті газетімізден бір сәтке ажырамаймыз деп ойлаймын. Аудан айнасында жарияланған әрбір мақала халықтың көңілінен шығып келеді.
Кейбіреулер «интернет үстемдік құрған заманда газеттің енді болашағы жоқ» деп жүргенін де естіп қаламыз. Алайда біз үшін аудандық басылымның алатын маңызы зор екенін баса айтқым келеді. Әр мақаланы қызыға оқимыз. Өзіміз де мәдениет үйінде өткен шараларымызды газетке жазып тұрамыз.
Соңғы кездері газет айтулы мәселелерді көтеріп жүр. Әркез аудан өмірінен хабардар болып, бар жаңалықтарға құлақ түріп, үнемі байланыста болып, ақпарат көздеріне қанығу үшін «Жайық шұғыласы» газетіне бәріңізді балама жазылуға шақырамын.
Рысқали Жұмабаев,
Сарытоғай мәдениет үйінің директоры