Бүгін ауданда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын бастады.
Сатушы, тұтынушылар арасында арқашықтықты сақтай отыра өткізіледі. Және әзірге тек қана халық көп тұтынатын тауарлар ғана әкелінеді. Осылайша Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын қайта бастады.
Көкөністің бағасы 130 теңгеден аспайды (картоптан басқа), балық 700 теңгеден, сиыр еті 1800 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысынан сүт өнімдері әкелінді.
"Карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер бір-бірінен 10 метр арақашықтықты сақтап орналасуы керек болғандықтан, бұл жер тарлық етеді. Сондықтан тек халықтың тарапынан көп сұранысқа ие өнім түрлерін әкелдіріп отырмыз. Әр сенбі сайын 9:00-ден басталып, күн райына қарай сағат 11.00 немесе 12.00-ге дейін ұйымдастырылады"-, дейді аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жексенбай Пазулов.
⠀ Қ.Айтқалиев ⠀