Жаз мезгілінің ыстығы басталғаннан суға шомылушы адамдар саны көбейе бастайды. Әсіресе маусым, шілде айларынында,барлығы демалыста отбасымен, достарымен су жағасында демалғанды жөн көреді.
«Су – тіршілік көзі болғанымен, әрі тілсіз жау» екенін барлығымыз білеміз. Осыны біле тұра кей адамдар демалу барысында келеңсіз жағдайларға тап болып жатады.
Оқыс оқиғалар адамдардың салғырттығынан, тыйым салынған қауіпті аймақта шомылу, демалушылардың ішімдік ішіп суға түсуі және ата-ананың балаларын қараусыз қалдыруы әсерінен туындағаны анықталып отыр.
Ауданда судағы қауіпсіздікті сақтау, ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүруде.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу және судағы қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету үшін су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтер өтіп, аталған іс-шаралар суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар:
- тек рұқсат етілген жерлерде, жайлы жағажайларда шомылыңыз; батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
- суға түсу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы керек, бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек. Олай болмаған жағдайда гипотермия және құрысу, тыныс алу тоқтауы, есінен айырылу болуы мүмкін;
- жағадан алысқа жүзбеңіз;
- жүзіп келе жатқан қайықтарға қарай жүзбеңіз;
Судағы қарапайым ережелерді сақтау – Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Ақбөбек Елешова,
Махамбет аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің
кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры