Судың құны – 5000 теңге. «Ғарыштық» баға қайдан алынған?

Жайықтың жағасында отырып, құдығымызға су құйғызу үшін 5 мың теңге төлеу – ақылға сыймайтын дүние емес пе?! Бастапқыда сұйытылған газдың бағасы қымбаттағандықтан құнын көтерген соң халық түсіністікпен қараған шығар. Енді газ бағасы ретке келген соң су таситын көліктердің де құнын түсірсе, жақсы болар еді.

Ауыл халқының барлығы ауыз суды үйге кіргізіп алған жоқ. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағын аудандарды айтпай-ақ қояйық, орталықта тұрсақ та қысқы су желісіне қосыла алмай отырмыз. Тіпті судың желісі қайда екенін ешкім білмейді. Амал жоқ, құдыққа құйғызу керек болады. Үй шаруасында отырғандықтан киім жуу, тамақ дайындау секілді шаруалар жеткілікті. Осының бәрі әрине, суға тіреліп тұратындықтан, суды пайдалану да кейде жиілеп кетіп, ай бітпей жатып, таусылып қалатын кездер болады. Ал су тасушылардың «ғарыштық» бағаны қоюы қарапайым халыққа оңайға соғып тұрған жоқ. Қымбатшылық қос бүйірден қысқанда, қара суды да осынша бағаға сатып аламыз деп ойладық па?! Атқарушы орган өкілдері бағаны бақылауды қолға алса деген ұсынысым бар.

Н.ЖЕКСЕНОВА,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT