«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында ұлттық ойындар дәріптелді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге негізделген «30 жылдыққа 30 ойын» фестивалі бойынша «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес «Қарлығаш» мектеп алды даярлық тобында «Қазақтың ұлттық ойыны –асық ату» тақырыбындағы «ұлттық ойын» түрлері таңдап алынды.

5c7628a1-6bb7-423e-be1b-f9fc2af13f85

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды Тәуелсіздіктің жасампаздығын құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, дені сау, дербес, білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру. Сонымен қатар ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа баулу.

6a95a61b-b7e1-4d65-8c9f-291f336e329e

Балаларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу бағытында жүргізілген Наурызбекова Салтанат Наурызбекқызы мен Айдынғали Айкөркем Айдынғалиқызының жұмыстары ұсынылып, жүлделі I орын иеленді. Ұжым атынан қуана құттықтап, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Г.МАСАЛОВА, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521