Бұралқы иттер мал мен жанға қауіп төндіріп тұр

Бұрын қорадағы, өрістегі малға қасқыр шабатын болса, қазір ақ адал малымыз иттерге жем болуда. Асырап отырған ешкімнің біреуін ит тамақтап кетті. Көрген адамдар 4-5 иттің жабылып, талағанын айтып отыр. Олардың қаңғыбас немесе иесі бар екенін білмеймін.

Иә, қазақ халқы бұрыннан итті жеті қазынаның бірі деп бағалаған. Үйі мен малын күзету үшін асыраған. Бірақ қазіргі уақытта иттер мал мен жанға қауіп төндіріп жүр. Жаңалықтардан Атырау қаласында бұралқы иттердің балаларға шабуыл жасағанын естіп жатырмыз. Көрші ауылдарда да қораға кіріп, уақ малды жайратып кетіп жатқан иттер бар. Менің білгім келетіні – малдың шығынын иттің иесінен өндіртетін заң бар ма? Жоқ болса, сондай заң неге қабылданбайды? Иттер иелеріне заңды түрде бекітілсе, чиптеу, піштіру секілді процедураларын жасап, иттеріне ие болар еді. Ал бір күшіктегенде бірнеше күшікті өмірге әкелетін бұралқы иттерді ату жүйелі түрде жүргізілсе дұрыс болар еді.

Қазір иттердің құқығын қорғайтын еріктілер мен блогерлер атуға кедергі келтіріп жүр деп естідім. Қазіргі қоғамда итті ату қатыгездік болып саналса, оларды күтіп бағатын арнайы орын ашу жұмыстары тездетіп қолға алынса екен деген ұсынысым бар. Әйтпесе ақ адал малымызды жыл сайын иттердің жемтігіне беру оңай болмай тұр.

Б.ҚАЙЫРБОЛАТ,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз