Су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда

Махамбет ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта жұмыс қызып тұр. Табиғи апатты болдырмаудың амалы — ертерек қамдану. 

Осыған орай су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Махамбет ауданында іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы жедел штаб құрылды. Азаматтық қорғау қызметінің мамандары «жоғары дабыл» режиміне көшіріліп, жауапты тұлғалардан кезекшілік кестесі әзірленді. 

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев табиғаттың тосын мінезіне тойтарыс беруге дайындық жұмысын жүргізіп жатқан ауылдық округтерді аралады. 

— Жедел штаб жағдайды бақылауда ұстап отыр, әр ауылдық округтен сағат сайын ақпарат алудамыз. Болжам бойынша биыл Жайық өзеніне үлкен көлемде су келеді, сондықтан судың деңгейін үнемі бақылап отырмыз. Дамбы соғылып, қауіпті аймақ боп саналатын жерлерге құм толы қапшықтар қойылды. Ахуал жеке өзімнің және құзыретті органдардың жіті бақылауында,- деді аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT