Су ресурстарын сақтау – болашаққа жауапкершілік

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, су ресурстары – стратегиялық маңызы бар байлық және оны тиімді пайдалану ұлттық дамудың басты басымдықтарының бірі болуы тиіс. Бұл – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі уақытта су тапшылығы тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін алаңдатарлық жағдайға айналып отыр. Климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы мен оларды тиімсіз пайдалану мәселелері ауыл шаруашылығына, өндіріс орындарына және ең бастысы, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан су саласында цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабы.

Менің ойымша, елімізде су ресурстарын басқару жүйесін толықтай жаңғырту қажет. Біріншіден, суды есепке алу және бақылау жүйесін автоматтандыру арқылы ысырапты азайтуға болады. Екіншіден, ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін заманауи технологияларды кеңінен қолдану маңызды. Үшіншіден, халық арасында су ресурстарын қорғау мен үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Су – болашақ ұрпаққа аманат. Сол себепті оны тиімді әрі ұқыпты пайдалану – әрбір азаматтың парызы. Мемлекет басшысының осы салаға ерекше назар аударуы – еліміздің тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы деп білемін. Су ресурстарын басқарудағы жаңа тәсілдер мен цифрлық шешімдер еліміздің табиғи байлығын сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады деп сенемін.

Айя Асқарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT