Ақмоншақ Қайратқызы – облыстық «Жас дарын» байқауының жүлдегері

Атырау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен облыстық «Жас дарын» ғылыми жоба байқауы мәресіне жетті. Бұл байқау Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілді.

Байқауға облысқа қарасты аудандардан келген жас дарындар қатысып, түрлі ғылыми жобаларын ұсынды. Осы додада Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ақмоншақ Қайратқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Ол «Индер көлдері: қауіп пе, шипа ма?» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

— Ақмоншақтың еңбегі өзінің жаңашылдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп, өңір үшін маңызды экологиялық тақырыпты кеңінен талдады. Бұл жетістік – Махамет ауданы үшін зор абырой. Шәкіртімнің табысы аудан оқушыларына үлгі болып, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттыра түсері сөзсіз,- деді жас зерттеушінің жетекшісі Айгерім Кисина.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT