Су қауіпсіздігі – ұлттық тұрақтылықтың кепілі

Мемлекет басшысының су ресурстары мәселесіне ерекше назар аударуы – бүгінгі күннің ең өзекті әрі уақыт талабынан туындаған шешімі. Су – тек табиғи ресурс емес, елдің тұрақты дамуының стратегиялық негізі.

Жолдауда су қауіпсіздігі әлеуметтік тұрақтылықпен, экономикалық өсіммен және ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланыстырылып отыр. Бұл – мәселенің маңызын терең түсінудің айқын көрінісі. Су тапшылығы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізу, цифрлық басқару жүйелерін дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – болашаққа жасалған нақты қадамдар.

Cу мәселесін жүйелі түрде шешу Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы бастамалары елдің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық бағдар деп сеніммен айтуға болады.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT