Парақорлыққа жол бермеу – ортақ міндет

Кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және рухани дамуына бөгет болатын күрделі қоғамдық құбылыс – сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамдағы әділдік ұғымына, азаматтардың құқықтарына және мемлекеттік органдардың беделіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет қалыптасуы мен тұрақты дамуы үшін стратегиялық міндет.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік билікке, қоғамға және азаматтардың сеніміне нұқсан келтіретін ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Ол лауазымды тұлғаның өз қызметтік өкілеттігін жеке пайдасы үшін пай-далануы арқылы көрініс табады. Жемқорлық пара беру, таныстықпен шешім шығару, қызметтік мүмкіндікті жеке мүддеге қолдану сияқты құқыққа қайшы әрекеттердің жиынтығы бо¬лып табылады. Мұндай әрекеттер мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді. 

Жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, циф¬рландыруды күшейту және әрбір қабылданған шешімнің ашық әрі бақылауда болуы аса маңызды. Соны¬мен бірге азаматтардың заңдылықты сақтап, парақорлыққа жол бермеуі – ортақ міндет. 
Елдің дамуына, әділдігіне және тұрақтылығына тікелей зиян келтіретін жемқорлық мемлекеттік басқаруды әлсіретіп, халықтың сенімін төмендетеді және қоғамдағы теңсіздікті тереңдетеді. Сондықтан жемқорлықпен күресу – мемлекет пен қоғам бірлесе атқаратын маңызды міндет. Әр адамның адалдығы мен жауапкершілігі ғана таза әрі әділетті қоғам құруға негіз бола алады. 


А.ГУБАЙДУЛЛИН, 
аудандық қазынашылық басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT