Балаларға жасалған қамқорлық – ел ертеңіне сенім

Қазіргі таңда балалардың жан-жақты дамуы – елдің болашағына салынған ең маңызды инвестициялардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Бұл бастама қоғамның білім мен тәрбиеге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жеке инвестиция есебінен ашылған дамыту орталықтары балаларға сапалы білім, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай орталықтарда заманауи әдістемелер мен технологиялар қолданылады, бұл балалардың ерте жастан бәсекеге қабілетті болып өсуіне ықпал етеді. Елордадағы оң тәжірибені барлық өңірлерге тарату – аймақтар арасындағы білім беру сапасындағы теңсіздікті азайтып, ауыл мен қала балаларына бірдей мүмкіндік жасауға жол ашады. Сонымен қатар, бұл жеке кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына да әсер етеді.

Балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесін бүкіл ел бойынша енгізу – уақыт талабына сай әрі тиімді шешім. Бұл бастама болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттырып, Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Сондықтан мұндай жобаларды мемлекет тарапынан қолдап, жүйелі түрде жүзеге асыру аса маңызды.

 

Ж.ЖОЛАМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT