Ұстаз есімі – ұрпақ жадында

Махамбет ауылында спорт және еңбек ардагері, бокстан Махамбет ауданының алғашқы бапкері Алфарит Жұмалиевті еске алуға арналған 2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Атырау облысының аудандары арасындағы ашық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Дүйсембайұлы мен марқұмның қызы Лаура Жұмалиева сөз сөйлеп, жас боксшыларға сәттілік тіледі. Турнирге Индер, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудан¬дары, сондай-ақ Бейбарыс пен Таңдай ауылдарынан 100-ге жуық жас боксшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. 

Бокс бәсекесінің қорытындысымен Махамбет ауданының спортшылары бірқатар салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда 30 кг салмақта Диас Бисенов, 35 келіде Алихан Мұхтар, 43 кг салмақта Дәулет Зұлқарнайұлы, 49 келіде Әбілхан Ғұбайдолла, 55 кг салмақта Байназар Манарбек, 61 кг салмақта Айсар Шарипов және Санжар Болат 64 келі салмақ дәрержесінде жеңімпаз атанды. 

Үздік номинациялар бойынша «Үздік боксшы» аталымы Диас Бисеновке, «Үздік техникасы үшін» номинациясы Алихан Мұхтарға берілсе, Алфарит Жұмалиевтің отбасы атынан Махамбет ауданының үздік өнер көрсеткен боксшыларына арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT