ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес шаруашылықтар сүт өңдеуші кәсіпорынға немесе цехқа өткізген сиыр, бие, түйе сүтінің өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға өтінім бере алады.
Субсидияға өтінім subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы Қағиданың 6-нысаны бойынша ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) өтінім сатылған өнім үшін төлемді алған күннен бастап алты ай ішінде беріледі.
Субсидия нормативі (1 килограмға):
-600 бастан басталатын бағымдағы сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырлары бар шаруашылықтарға – 45 теңге;
-400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтарға – 30 теңге;
- Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне – 20 теңге;
-Бие сүтіне – 60 теңге және түйе сүтіне – 190 теңге.
Қажетті құжаттар:
- Шаруашылықтың және сүт өңдеуші кәсіпорын немесе цехтың есепке алу нөмірінің болуы;
- Шаруашылықтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (бұл өлшемшарт тек жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды);
- Сүт өңдеуші кәсіпорынға немесе цехқа өткізген (сатқан) кезде электронды шот-фактураның болуы;
- Есепшотына ақшаның келіп түсу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: бақылау- касса аппараттарының кіріс кассалық ордері мен чектері немесе төлем тапсырмасы немесе банктік үзінді- көшірме (осы құжаттардың бірі болу керек);
- Өнімнің орнын ауыстыруға арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттары (накладная) тізілімінің электрондық көшірмесі;
- Егер шаруашылық өнімді өзінің өңдеуші кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсырған жағдайда төлем құжаттар ұсынылмайды және бұл жағдайда тек өнімнің орнын ауыстыруға арналған тауарлық- көліктік жүкқұжаттары тізілімінің электрондық көшірмесі ұсынылады.
Қойылатын талаптар мен өлшемшарттар:
- АЖБ (ИСЖ)-да асыл тұқымды сиырлар үшін кемінде 23 айдан басталатын, тауарлық сиырлар үшін 28 айдан басталатын кемінде 50 бас бағымдағы аналық бастың тіркелген болуы.
- Есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу кәсіпорнына немесе сүт өңдеу цехына сүтті сату.
- Аккредиттелген зертханаларда жасалған соматикалық жасушаларды анықтау үшін әрбір сауын сиыр сүтінің сынамаларын ай сайынғы зерттеу нәтижелерінің САТЖАҚ (ИАС) -да болуы.
- Осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
- Өтінім беру сәтінде кооператив мүшелерінің ірі қара малдарының жасы 28 айдан басталатын аналық басының АЖБ (ИСЖ) -да тіркелген болуы.
- Дайындалған сүтті есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу кәсіпорнына өткізу қажет.
- Түйе және жылқы шаруашылықтарында өтінім берілген сәтте АЖБ (ИСЖ)-да 3 жастан асқан кемінде 30 бас аналық малдың тіркелген болуы;
- Түйе сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын түйенің 1 басына 1500 килограмнан және бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын биенің 1 басына 750 килограмнан аспауы тиіс.
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы