Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін, халықтың сеніміне селкеу түсіретін ең үлкен кедергілердің бірі. Ол тек экономикалық зиян келтіріп қоймайды, сонымен бірге әділдікке, заң үстемдігіне, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Ел Президенті өз Жолдауларында да бұл мәселеге ерекше тоқталып, жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін атап өтуде.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы – ашықтық, әділдік және халық алдындағы жауапкершілікке негізделуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - басты бағыттардың бірі. Осы мақсатта біздің аппаратта тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қатаң бақылауда, халықпен кері байланыс арналары (қабылдау, әлеуметтік желілер, электронды өтініштер) ашық жүргізіледі. Электрондық форматтағы қызметтерді кеңінен қолдану арқылы адами фактордың әсерін азайтуға күш салынуда.
Мектептерде, колледждерде, мәдени ошақтарда түрлі кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар арасында адалдық, әділдік, еңбекқорлық қағидалары кеңінен насихатталуда.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әрбір тұрғын заңды құрметтеп, өз ісінде әділдік пен адалдық танытса ғана біз жемқорлықсыз қоғамға қадам басамыз. «Бірлігі мықты ел озады» демекші, бүкіл халық болып күш біріктірсек қана жемқорлықтың тамырына балта шаба аламыз.
Жемқорлықсыз қоғам – әділетті қоғам. Ал, әділетті қоғам – өркендеген елдің кепілі. Сол себепті Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты барша ауыл тұрғындарын кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға, адалдық пен әділдікті ту етіп ұстауға, заңға құрметпен қарауға шақырады.
М.БАЛАТАЕВА,
Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы