СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

1999 жылы жоғары оқу орнын аяқтап, Е.Ағелеуов атындағы Махам­бет орта мектебіне жұмысқа орналасқан кезімде марқұм Сансызбай ағаймен 2001 жылы мектеп оқушыларының аудандық спартакиадасын­да танысқанбыз. Шәкірттері облыстық додаларда топ жарып, чемпион, жүлдегер атанды.

Сансызбай Сыдықов мектеп спор­тынан бөлек ауданның ересектер арасындағы бұқаралық шараның басы- қасында атсалысып, тер төкті. Ол ескі мектептің жертөлеге ұқсас спорт залынан спорттың талай чемпион­дары мен жүлдегерлерін дайындады. Күндізгі уақытта дене шынықтыру пәнінен сабақ берсе, жұмыстан кейін де бар уақытын шәкірттеріне арнап, олардың жаттығуына жағдай жасай­тын. Спорт зал оның екінші үйіндей болды десек те артық айтқандығымыз емес. Сансызбай ұстазымыз волей­бол спортынан бөлек, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, фут­болдан да үздік шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Соның ішінде ерекше айтаты­нымыз, волейболдан 5-6, 7-8, 9-11 сынып­тар арасындағы мектеп оқушыларының облыстық лигаларында шағын ғана ау­ылдан шыққан оқушылардан құралған ұлдар мен қыздар командалары об­лыста талай мәрте чемпион атанып, облыстың намысын республикалық жарыстарда қорғады және жүлдегер атанды. Шәкірттерінің қайсыбір жа­рыстардан құралақан қайтқан күндері сирек кездесетін.

Білікті бапкер, өз ісінің нағыз майтал­маны, ауданның спорт саласының даму­ына өлшеусіз үлес қосып, әр шәкіртінің жүрегінен орын алған ардақты ұстаз Сансызбайдай әріптес-ағамның еңбегін елі ешқашан ұмытпайтыны анық.

Асқар АЛЬДЕШОВ,

Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT