Соттағы ақпарат орталығы

Махамбет аудандық сотында «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында тұңғыш рет мамандандырылған фронт-офис келушілерге есігін айқара ашты.

Ашылу салтанатында жаңа орталықтың лентасын сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор С. Жұмалиева мен кәсіби емес медиатор М. Ещанов қиды. Аудандық сот төрағасы Базарғали Қадырғалиев «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасына орай ашылғанын, ақпараттық орталықта тұрғындар кеңес беру көмегіне жүгіне алатынын айтты.

c

Сот саласының ардагері С.Ғилманқызы сот саласында ашылған ақпарат орталығына құтты болсын айтып, құнды, мән-мағыналы жұмыс істеп, алға жылжи беріңдер деген ақжарма тілегін арнады. Ал кәсіби емес медиатор М.Ещанов жаңалыққа жаны құмар аудандық сот төрағасы келгелі соны серпілістер болып, медиация кабинеті,билер кеңесі, татуластыру орталығы секілді құрылымдар құрылып, жұмысын бастап кеткенін, Алға, Таңдай, Сарайшық, Ақтоғай ауылдарын аралап, халықпен жүздескенін еске алып, табыстар тіледі.

c

Махамбет ауылдық округінің әкімі Б.Мыңбаев та ашылған ақпарат орталығына құтты болсын деп, қашанда сот жүйесінің істері оңға бассын деді. Аудан прокуроры Н.Ешманов та сот жүйесінде оң өзгерістер көп екенін,фронт-офис тараптарды іс материалдарымен таныстыруды көздейтін ақпараттық орталық жасақталуы тың жаңалық екенін, сот мамандары кәсіби дағдыларын ұдайы арттыруға, дау-даламайды әділ шешуге тілектестік білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз