Рәмізге құрмет – ортақ парызымыз

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай Махамбет ауданының орталық алаңында мерекелік іс-шара өтті.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы, халқымыздың мәртебесі» атты эстафетасы да біздің ауданымыздан жалғасын тауып, Атырау қаласына жолданды.

z

k

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы салтанатты түрде алаңға кіргізіліп, Әнұран шырқалып, шараның құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасары Сейтқалиев Мардан Жұмахметұлына жолданды.

-Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің айғағы, ұлтымыздың нышаны, теңдігіміздің теңдесі жоқ бейнесі деп,- өз сөзін аяқтаған аудан әкімінің орынбасары рәміздерімізді дәріптеу мен құрметтеу бәріміздің ортақ парызымыз екендігін нақты айтты. Салтанатты шара Еламан Ғафуров, Жантөре Жұмабаев сынды аудан өнерпаздарының мерекелік ән-шашуымен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз