Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аппеляциялық шағымы өзгеріссіз қалдырылды.

Махамбет аудандық пробация есебінде тұрған құқық бұзушының онлайн режимде соты болған.

Атырау қаласының № 2 сотымен 09.09.2019 жылы ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігінің 4 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Алайда сотталған азамат А.К. сот жүктеген міндеттерін орындамаған. Онымен қоймай жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған. ҚР ҚК-нің 44 бабының 3 бөлігіне сай, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі аудандық пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, өтелмеген бөлігі 2 жыл 4 ай 15 күн бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылды.

Сот шешімімен келіспей сотталған А.К. апелляциялық шағым жазған. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалдырылды.

А.МОЛДАШЕВА,

аудандық Пробация қызметі тобының аға инспекторы,

әділет капитаны

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз