Республикалық көркемсурет байқауынан жүлдегер атанды

көркемсурет сыныбы бойынша Халық Назерке II дәрежелі диплом, Сансызбай Нұрым II дәрежелі диплом, Мағфурова Айнара III дәрежелі дипломмен марапатталды.

З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары "Дарын ЭКОАРТ" сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық байқауынан жүлдегер атанды.

Былтыр қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Дарын ЭКОАРТ" сурет және көркем қолөнер Республикалық экологиялық байқауы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтан өнер байқауы өткен. Осы байқауға аудандық З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі оқушылары да қатысып, республикалық суреттер және көркем қолөнер қолданбаларының экологиялық байқауына оқушылардың ең үздік жұмыстары жіберілген болатын.

Нәтижесінде көркемсурет сыныбы бойынша Халық Назерке II дәрежелі диплом, Сансызбай Нұрым II дәрежелі диплом, Мағфурова Айнара III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Балаларды дайындаған сынып жетекшілері Шынаргүл Қобыланова мен биыл келген жас маман Мөлдір Даулетьярова.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Назымгүл МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,

З.Ещанова атындағы аудандык балалар өнер мектебі

директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521