1991 ЖЫЛҒЫ 16 ЖЕЛТОҚСАНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ КАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРА ЛЫ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНЫП, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕҢ АСЫЛ МҰРАТЫ ОРЫНДАЛДЫ.
БҰЛ МЕРЕКЕ ШЫН МӘНІНДЕГІ ҰЛЫ МЕРЕКЕ. ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН ӘР ҚАЗАҚТЫҢ АРМАНЫ ЕҢСЕЛІ ЕЛ БОЛУ ЕДІ. ЕЛІМ ДЕП ЕҢІРЕГЕН АҚЫНДАРЫМЫЗ «ЕГЕМЕН БОЛМАЙ ЕЛ БОЛМАС, ЕТЕКТЕН КЕСІП ЖЕҢ БОЛМАС» ДЕП ЖЫРЛАП, БАТЫРЛАРЫМЫЗ АЙЛАП АТ ҮСТІНДЕ ҰЙЫҚТАП, АУЫЗДЫҚПЕН СУ ІШІП, ЖЕРІН ҚОРҒАУЫ ТЕГІН БЕ?!
Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі аума лы-төкпелі кезеңде Қазақстанның тұң ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ойлы саясатты пайымды парасатқа үйлестіріп, халқымыздың басын біріктіріп, мемлекетімізді шынайы тәуелсіз дікке жетудің тар жол, тайғақ кешуінен сүріндірмей аман алып шықты. Қазақ үшін қасиетті 16 желтоқсанда әрісі Керей мен Жәнібек, Әз Тәуке мен Абылай хандар, берісі - Кенесары хан мен Алаш арыстары армандаған тәуел сіздік таңы атып, дүниеде Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Осы күннен бастап азаттықтың арман мен арпалысқа толы ақ жолы басталды. Тәуелсіз елдің іргетасын қалап, оны нығайту қолға алынды. Тәуелсіздік тізгіні қолына енді тиген ел үшін бәрінен бұрын жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту және бұрынғы экономикалық байланыс тардың үзілуі жағдайында экономикалық реформаларды жүргізу оңайға соққан жоқ. Мемлекеттің қалыптасуы, ең алды мен биліктің мемлекеттік институт тарын құрудың, жалпы халықаралық деңгейде танылудың, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға кірудің қажеттілігін көрсетті.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалық тық референдумда қабылданған Ата Заң ел дамуының одан кейінгі бағытын да айқындап берді. Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы президенттік басқару нысанын қолдады. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Ол биліктің әртүрлі тармақтары арасындағы алауыз дыққа байланысты ауытқушылықтарға жол бермейтін қуатты топтасқан билік жүйесінің қажеттілігінен туындады. Елбасы егемендіктің алғашқы күн дерінен бастап тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демо кра тиялық, құқықтық мемлекетті ны ғайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, осыған қатысты ша ралардың жедел жүзеге асырылуын талап етті. Сондықтан мемлекеттік биліктің бір тармағы - сот жүйесінде болған тың өзгерістерге Президенттің қамқорлығы мен көреген саясаты серпіліс бергені сөзсіз. 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабыл данған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің өте маңызды тұғыры болды. Атап айт қанда соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленді, соттар бір жүйеге біріктіріліп, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудің оң тайлы және тиімді негізі қаланды, Жоғарғы Сот бірыңғай сот жүйесіндегі жоғары сот сатысы деп танылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүр гізу кодексі, Қылмыстық атқару кодексі, Азамат тық кодекс, «Атқару өндірісі және сот орын даушыларының мәртебесі туралы» Заң қабыл данып, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасын еліміздегі әлеу мет тік-саяси және экономикалық жағ дайларға, елдің конституциялық құры лысына сәй кестендіру, азаматтардың құ қық тарын, меншік түрлерінің барлық нысандарын халықаралық құқықтың жал пыға танымал принциптері мен норма ларына сәйкес сот арқылы қорғау нық қалыптасты. Сот жүйесі атқарушы органның ықпалынан толық шығарылып, соттардың қызметін қамтамасыз ету функциялары Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне берілді.
Республикада нарықтық қатынастар дың дамуы экономикалық қатынастарға қатысты дауларды қарайтын маман дан дырылған соттарды құруға түрткі болды. Нәтижесінде облыстарда мамандандырылған экономикалық, әкімшілік соттар, ерекше ауыр қылмыстарды қарайтын мамандан дырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттар құрылды. Қазақстандық сот жүйесін халық аралық негізгі құқықтық үлгілер мен нор маларға сәйкестендіру сот-құқықтық реформасының аса маңызды мақсатта рының бірі еді. Алқабилер институтын енгізу осы мақсатты жүзеге асырудың айтулы кезеңі болды.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға 2008 жылғы 17 қарашада өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесінің негізін қалады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап сот ісін жүргізудің үш буынды жүйесі іске қосылды. Жалпы алғанда 1991-2011 жылдар аралығында жүргізілген реформалар дербес сот билігінің қалыптасуы мен орны ғуына, сот жүйесінің ұйымдық негіздері нің дамуына, оны кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді жетілдіруге, демо кра тиялық, құқықтық мемлекеттің заңды лық негізін бекітудің қажетті алғы шарттары ретінде соттың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталды. Сот билігінде бір ғана басты тұлға бар. Ол - судья. Судья - қоғамның адамзатқа ортақ құндылықтарға сай қалыпты өмір сүруіне бөгет жасайтын келеңсіздіктер мен дау ларды заң жолымен реттейтін өте маңызды тұлға. Ақиқатын айтсақ, соттардың абы ройы да, абыройсыздығы да судьялардың қолында. Судьяның үлкені, кішісі бол майды, оның мәртебесі қай сот саты сын да да бірдей. Сот сатысы жоға рылаған сайын судьяның мәртебесі биіктейді деген қате пікір бар. Керісінше сот жайындағы көзқарас жергілікті сот тардың жұмысына қарап қалыптасады. Сондықтан аудандық және оған те ңестірілген соттардың судьяларына жүктелер жауапкершілік Жоғарғы Сот судьясының жауапкершілігінен төмен емес.
Аудандық соттың судьялары қара ған істер келесі сот сатыларына жетпей, әділ шешімін тауып жатса, сөз жоқ, халықтың сотқа деген сенімі артады. Демек, жергілікті соттарда майталман судьялардың көп болғаны күллі сот билігінің беделін өсіреді. Сот төрелігіне азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет ресурсының электрондық ақпараттық сервисі енгізілген «Сот кабинеті» арқылы сотқа құжаттарды, яғни талап арызды, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызды сот отырысының хаттамасына ескертуді, өтінішті электрондық құжат нысанында беруге болады. «Сот кабинеті» арқылы сотқа жүгіну іс жүргізуді оңтайландыру және қазақстандық сот ісін жүргізу жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруды, бюрократтық кедергілерді жоюды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, азаматтардың алтын уақыты және мемлекет қаржысын үнемдеуді көздейді. 2018 жылы қолданысқа енгізілген қылмыстық істерді электронды нысанда келіп түсіп, қысқартылған тәртіпте қарау және Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетті.
2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» енгізілді. Сот жүйесіне енгізілген бұл өзгерістер сот билігінің іргетасын бекемдеуге, сот жүйесінің имиджін арттыруға, адамдарды әуре-сарсаңға салмауға және төрешілдіктен арылуға бағытталған еді. Соттарда бітімгерсудья, татуластыру орталықтары, фронт-кеңселері бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар елімізде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне еніп, облыстарда соттар өз жұмысын бас тады.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты құралдарының бірі болып саналатын жаңа кодекс мем лекеттік, әкімшілік органдар мен қарым-қатынастарда азамат тардың жаңа құқықтық кепіл діктерін және олардың құқық тары мен заңды мүдде лерін қорғау дың неғұрлым жоғары деңгейін белгіледі.
Елбасы реформаларының нәтижесінде тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміз айтулы жетістіктерге жетіп, халықаралық аренада танылды. Мақсатымыз - жоғары сападағы сот төрелігі мен сот әкімшілігін қамтамасыз ету. Отанымыздың игілігі жолында маңызды жобаларды іске асыруда баршамыздың күш-қуатымыз бен ерік-жігеріміз еселене берсін деп тілеймін.
Ерболат АМАНГАЛИЕВ,
аудандық соттың судьясы