Сот мамандары арасында семинар өтті

Махамбет аудандық сотында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова, сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті» тақырыбында семинар өткізді.

Шараның мақсаты - мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы және Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз ұстануы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының, моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды сақтау.

Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова мемлекеттік қызметшілердің өз қызметінде Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау басты міндет екендігін айтып өтті. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының, моралдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарға да тоқталды.

Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі қатысушыларды сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және Әдеп Кодексін қатаң сақтауға шақырды.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT