Бұл жиын бұрынғыдан өзгерек

Қатысушыларды онлайн тіркеу, келушілердің қызуын өлшеп, санитарлық талапты сақтауын талап ету, маскалық режим – бұл «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясының өту барысындағы көріністер.

Филиал төрағасы, аудан әкімі Жәрдемғали Ахметовтың төрағалығымен өткен жиынға 50 делегатпен бірге саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

nurotan111120-9

Кезектен тыс конференцияда бес мәселе қаралды:

1. Партияның аудандық филиаланың 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту;

2. Облыстық мәслихатқа ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыну;

3. Аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан партиялық тізімді ұсыну;

4. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттарды сайлау;

5. «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы. Күн тәртібі бекітіліп, екінші мәселеден өзгелеріне ашық дауыс беру ұсынылса, облыстық мәслихатқа кандидаттарды ұсыну электрондық, жабық дауыс беру арқылы жүргізілді.

nurotan111115

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша бағдарламаның жобасы бекітілді. Биылғы жылы 17 тамыз бен 4 қазан аралығында партияішілік сайлау барысында өткен кездесулерде 35 ұсыныс түсіп, оның 22-сі сайлауалды бағдарлама жобасына енгізілді. Кезек облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар арасында пікірісайысқа берілді. Ұсынылған кандидаттар арасында Айбек Габдуллин, Серік Қойшығұлов, Қылышбай Қазиев және Әділ Жұбанов болды. Пікірсайыс екі кезең бойынша жүргізілді, яғни өңірдегі күрмеулі мәселелерді шешудегі өзіндік көзқарастарын таныстыру және өзара «сұрақ-жауап» алмасу. Кандидаттар денсаулық, мәдениет, білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалары бойынша өз пікірлерін жеткізіп, депутат бола қалған жағдайда шешуге ұмтылатындықтарын атап өтті.

nurotan111120-7

Пікірсайыстан кейін делегаттардың «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы дауыс беруі өткізілді. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған Әділ Орынбасарұлы мен Айбек Серікұлы облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын кандидаттардың тізіміне енгізілді.

Үшінші мәселе, яғни аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан кандидаттар ұсынылып, тізім толық бекітілді. Облыстық партия филиалының кезектен ХХХІІ конференциясына да делегаттар ұсынылып, тізім бойынша сайланды.

Соңғы мәселеге сай бектіліген тізім бойынша партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жалпы дауыс есебінде бекітілді. Жиын соңында аудан әкімі конференция делегаттары мен шақырылғандарға күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғанын айтып, отырысты жабық деп жариялады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT