Сотқа жүгінгеннің бәрі соттала бермейді

Алға ауылындағы әкімшілік ғимаратында Махамбет аудандық соты «Жолдаудың шегіндегі соттарды жаңғыртудың негізгі бағыттарын түсіндіру.

Татуласу: сотқа дейін және сотта, медиацияның артықшылықтары» тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырды. Оған аудандық сот судьясы А.Ергазиева, кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова, кәсіби медиатор Ж.Мұғауова, билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов, округ әкімдігінің мамандары, ауыл тұрғындары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Алмагүл ЕРГАЗИЕВА, аудандық сот судьясы:

- Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов ұсынған сот жүйесінің жеті бағыты халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруда, әдеп нормаларын сақтауда, сот отырысында өзін-өзі ұстау мәдениеті, әр судья өз қызметіне, өзі шығарған шешіміне жауапты болуы, судьялардың ашықтығы, қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот ісін жүргізудің толық цифрлық стандартпен жетілдіру, жемқорлықтан арылу үшін сананы өзгерту, төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады. Ауданда 2018 жылы жеті адамнан тұратын билер кеңесі, татуластыру орталығы ашылды. Онда кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жұмыс істеуде. Медиация азаматтық-құқықтық, соның ішінде кәсіпкерлік, өзге де экономикалық қызметтер, еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын талас-тартыстар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын жеке құқықтық қатынастардан, жеңіл және ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қылмыстық-құқықтық салада туындайтын талас-тартыстарды шешуде қолданылады. Бұл қызмет ізгілендіруге жол ашады, медиатордың бейтараптылығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Медиация – әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы, алтын көпірі десек, орынды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521