Ораза кімдерге парыз етілген?

Рамазан айындағы оразаның үкімі - парыз айы (адамның жеке өзіне міндет болған парыз).

Ораза тұту үшін ең алдымен мұсылман болу парыз. Ораза ұстау – мұсылман болған әр ер адамға, әр әйел кісіге парыз. Екіншіден, балиғатқа толу. Балиғат жасына толмаған сәбиге оразаның парыздығы міндеттелмейді.

Үшіншіден, ақыл-естілік. Есі оралмайынша, жындыға, жарымеске, мас адамға, комадағы кісіге ораза парыз емес.Оразаны атқаруға қабілетті қылатын шарттар бірінші денсаулық. Науқас кісіге ауырған күндері, ораза кезінде жүкті немесе емізіп жүрген нәрестелері бар әйелдер және жолаушыға сапар күндері ораза ұстамаулары рұқсат етіліп, кейін жағдайлары жеңілдегенде сол күндердің қазасын өтеулері парыз. Жалпы ауру-сырқаты жазылмайтындар, денсаулығы ауыз бекітуді көтермейтін, жасы келген қарттар ораза ұстамаса да болады, бірақ олардың дәулеті жеткілікті болса, тұтпаған оразасына фидия береді. Фидияның мөлшері Құран Кәрімде былай деп баян етілген: «Шамасы келмейтіндер /қарт кісілер, жазылмайтын ауруға шалдыққандар/ ораза ұстамаса, бір кедейдің бір күн тоятындай тамағын беріп тұруына болады. Ал оны белгілеген мөлшерден артық беретіндері болса, өзі үшін жақсы» (Бақара сүресі, 184 аят).

Екінші тұрғылықты болу. Үшіншіден, әйел кісінің хайыз бен нифастан тазаруы. Бұл күндері атқарылмаған намаз бен оразаның айырмашылығы – намаздың қазасы өтелмейді, ал оразаны өтеулері парыз.

Ержан Насихатұлы,

«Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT