Әскерилермен әріптестік байланыс

Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын жетілдіру, мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды алдын ала дайындау сияқты міндетті жұмыстарын атқарудағы жетістіктері үшін республикалық байқау қорытындысымен жүлделі үшінші орынды иеленген.

Бұл туралы мәлімдеген аталмыш бөлім басшысы, майор Ербол Айтжанов соңғы рет мұндай республика деңгейіндегі марапатқа 2010 жылы ие болғандарын алға тартып, бөлім жұмысын әлі де ширата түсу керектігін айтып, ұжым мүшелерін тамаша жеңістерімен құттықтады.

Сондай-ақ, осынау ортақ табыста аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің қосқан үлесі аз емес көрінеді. Яғни, айбынды армиямыздың ел алдындағы мәртебесін биіктету, қорғаныс саласының әлеуетін арттыру, келісімшарт негізінде әскери қызмет атқару, әскери оқу орындарына курсанттар қабылдау тәртібі туралы мақалалар жиі жарық көріп тұрған. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім жұмысына ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы А.Ақбалиевтің Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті ұжымына жолдаған Алғыс хаты бас редактор Н.Ерғалиевке табысталды.

Е.НҰР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT