Алған пәтерінде тұрмайды

Иә, ондайда болады екен. Дана халқымызда «біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» деген өмір шындығынан алынған қанатты сөз бар.

Сол айтқандай, «екі асап, биге шығып», ұпайын түгелдеп, жалғанды жалпағынан басып жүргендер аз емес. Бұл жерде мәселе баспанаға қатысты болып отыр. Өйткені, жолдарын тауып, бір басына қос-қостан баспана иеленіп отырғандар да бірен-саран болса да бар екенін жасыра алмаймыз.

Осыған орай, Атырау облысы әкімдігі мен облыстық қоғамдық кеңестің біріккен, кеңейтілген мәжілісінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 01-01-4/5 хаттамасының бірінші тармағының, бірінші тармақшасында көрсетілген тапсырмалардың орындалысын жергілікті жерде қадағалайтын жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген болатын.

Соған сәйкес, Махамбет ауданындағы тұрғынжайлар мен басқа да жылжымайтын нысандарды заңсыз жалға беру фактілерін анықтау, зерделеу мақсатында 2018 жылдың 7 желтоқсан күні құзырлы орындар өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы жаңадан пайдалануға берілген 60 пәтерлік тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру қорытындысымен 1 пәтерде адам тұрмайтындығы анықталды. Жоспарға сәйкес бұл жұмыс алға қарай да жалғасын табатын болады.

Ш.ЖАНДАРБЕКҚЫЗЫ,

жұмыс тобының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT