«Сіздің жолаушыңыз – бала!»

Фото: zh-shugylasy.kz

Жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында ақпан айының 5-29 аралығында аудан көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде «Сіздің жолаушыңыз – бала!» акциясы ұйымдастырылуда.

Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануы назар аударуды және шаралар қабылдауды талап ететін күрделі проблема болып табылады. Жол жүрісі қағидаларын және тасымалдау кезінде балаларға арналған арнайы қауіпсіздік шараларын сақтамау көбіне жазатайым оқиғаларға әкеледі.

«Сіздің жолаушыңыз–бала!» акциясының мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ ересектердің балаларды ұстау құрылғыларын (автокресло, бустер­лер, адаптерлер) пайдалану бой­ынша дағдыларын бекіту, қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын насихат­тау, жол жүрісіне қатысушыларға ба­лаларды тасымалдау және арнайы ұстау құрылғыларын міндетті пай­далану қағидаларын түсіндіру. Со­нымен қатар, кәмелетке толмаған жүргізушілердің кінәсінен орын ала­тын оқиғалардың алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Р.КАЙРЕКЕНОВ,

АПБ ППТ қызмет аға инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT