Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі

Фото: zh-shugylasy.kz

«Нашақорлыққа жоқ де!» ұранымен ауданда жасөспірім ұлдар арасын­да волейболдан турнир өтті. Мақсат – есірткі заттарына тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір сал­тын насихаттау. Турнирге аудан мектептерінен 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Еліміздің гимнімен шымылдығын түрген турнирдің өтуіне аудандық полиция бөлімі ықпал етті. Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Нұрлыбек Кенжеғұлов нашақорлықтың зияны туралы ай­тып, одан аулақ болуға шақырды.

– Бүгінде жасөспірімдер ара­сында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазақстан Рес- публикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес өтіп жатқан жарыс есірткі қылмысын бол­дырмау, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуды көздейді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихат­тап, спортқа қызығушылықтарын арттыруға да баса назар аударамыз. Алдағы уақытта спорттың басқа да түрлерінен турнир ұйымдастыру жоспарда бар,- деді Н.Кенжеғұлов.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде Талдыкөл орта мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды. Қарабай Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі командасы екінші орынға ие болса, Ақтоғай орта мектебінің волейбол­шылары қола жүлдені қанжығаға байлады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар берілді. Ойында үздік ойын үлгісін көрсеткен спортшылар арнайы марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Махамбет ауданы көлемінде 19-29 ақпан аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсат – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушыларына зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелері жөнінде ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Содай-ақ, бокстан жасөспірім ұлдар арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі біріншілігі өтті. Біріншілікке Бейба­рыс, Ортақшыл, Таңдай, Махамбет ауылдарынан 127 оқушы қатысты. 2009-2010, 2011-2012 және 2013- 2014 жылы туған ұлдар өз салмақ дәрежелерінде жұдырықтасып, мықтылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521