Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Таңдай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигон аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды «Aziz» жеке кәсіпкерлігі атқаруда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Осы орайда полигон аумағын қоршау – ретсіз қоқыс тастауға жол бермеу, қалдықтардың айналаға таралуын болдырмау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Аталған жұмыстар ауыл аумағында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.
«Таза Қазақстан» – әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігі.
Ауыл тазалығы – ортақ міндет.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты


